Өлең: Алтын сырға, жез түйме (Қазақ ауыз әдебиеті)
![Өлең: Алтын сырға, жез түйме (Қазақ ауыз әдебиеті)](https://www.zharar.com/uploads/posts/2020-02/1580902767_slide-0.jpg)
Кескен ағаш қалады, жеңдей болып-ей,
Қара нөсер келеді мендей болып-ей.
Бәтима-ай,
Алтын сабақ,
Жез түйме-ай.
Аулың алыс кеткенде-ей, қарағым-ей,
Кім көрінер көзіме сендей болып-ей.
Бәтима-ай,
Алтын сабақ,
Жез түйме-ай.
Қолымда бір қамшым бар алтындаған-ей,
Ажарың ақ жамбыдай жарқылдаған-ей.
Бәтима-ай,
Алтын сабақ,
Жез түйме-ай.
Сексен қыз серуенге шықса-дағы-ей,
Ішінде сен қоңыр қаз қаңқылдаған-ей.
Бәтима-ай,
Алтын сабақ,
Жез түйме-ай.
Қара нөсер келеді мендей болып-ей.
Бәтима-ай,
Алтын сабақ,
Жез түйме-ай.
Аулың алыс кеткенде-ей, қарағым-ей,
Кім көрінер көзіме сендей болып-ей.
Бәтима-ай,
Алтын сабақ,
Жез түйме-ай.
Қолымда бір қамшым бар алтындаған-ей,
Ажарың ақ жамбыдай жарқылдаған-ей.
Бәтима-ай,
Алтын сабақ,
Жез түйме-ай.
Сексен қыз серуенге шықса-дағы-ей,
Ішінде сен қоңыр қаз қаңқылдаған-ей.
Бәтима-ай,
Алтын сабақ,
Жез түйме-ай.
![](https://www.zharar.com/image/download.webp)
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: