Өлең: Алтын сырға, жез түйме (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Алтын сырға, жез түйме (Қазақ ауыз әдебиеті)

Кескен ағаш қалады, жеңдей болып-ей,
Қара нөсер келеді мендей болып-ей.

Бәтима-ай,
Алтын сабақ,
Жез түйме-ай.

Аулың алыс кеткенде-ей, қарағым-ей,
Кім көрінер көзіме сендей болып-ей.

Бәтима-ай,
Алтын сабақ,
Жез түйме-ай.

Қолымда бір қамшым бар алтындаған-ей,
Ажарың ақ жамбыдай жарқылдаған-ей.

Бәтима-ай,
Алтын сабақ,
Жез түйме-ай.

Сексен қыз серуенге шықса-дағы-ей,
Ішінде сен қоңыр қаз қаңқылдаған-ей.

Бәтима-ай,
Алтын сабақ,
Жез түйме-ай.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Алтын сырға жез түйме өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Алтын сырга жез туйме казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Алтын сырға жез түйме

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]