Өлең: Алматы мен Қоғалы-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)
![Өлең: Алматы мен Қоғалы-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)](https://www.zharar.com/uploads/posts/2020-02/1580902767_slide-0.jpg)
Дүние өтеді тағы да, дүние өтеді, ахоу,
Оймақсыздың қолынан ине өтеді, әләулім-ай.
Күлің барда күнде ойна, мынандайда, ахоу,
Сұм жалғанның түбіне кім жетеді, әләулім-ай.
Алматы мен Қоғалы-ай!
Әркімнің көңілі жоғары-ай!
Аса байлық не керек,
Ден сау болса болғаны-ай.
Жүгіріп шықтым белеске,
Белес жақын емес пе.
Осы отырған отырыс
Бір ғанибет емес пе-ай!
Қаршыға алған, ендешен, қаршыға алған, ахау,
Қаршыға алған жерімде қамшым қалған, әләулім-ай.
Сізді тапқан анаңа бәрекелді, ахау,
Жауқазынның түбінен аршып алған, әләулім-ай.

![](https://www.zharar.com/image/download.webp)
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: