Өлең: Алматы мен Қоғалы-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Алматы мен Қоғалы-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Дүние өтеді тағы да, дүние өтеді, ахоу,
Оймақсыздың қолынан ине өтеді, әләулім-ай.
Күлің барда күнде ойна, мынандайда, ахоу,
Сұм жалғанның түбіне кім жетеді, әләулім-ай.

Алматы мен Қоғалы-ай!
Әркімнің көңілі жоғары-ай!
Аса байлық не керек,
Ден сау болса болғаны-ай.

Жүгіріп шықтым белеске,
Белес жақын емес пе.
Осы отырған отырыс
Бір ғанибет емес пе-ай!

Қаршыға алған, ендешен, қаршыға алған, ахау,
Қаршыға алған жерімде қамшым қалған, әләулім-ай.
Сізді тапқан анаңа бәрекелді, ахау,
Жауқазынның түбінен аршып алған, әләулім-ай.

Алматы мен Қоғалы-ай!
Әркімнің көңілі жоғары-ай!
Аса байлық не керек,
Ден сау болса болғаны-ай.

Жүгіріп шықтым белеске,
Белес жақын емес пе.
Осы отырған отырыс
Бір ғанибет емес пе-ай!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Алматы мен Қоғалы-ай өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Алматы мен Когалы-ай казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Алматы мен Қоғалы-ай

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]