Өлең: Алла жар (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Алла жар (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең басы бісміллә деп айтайық, ай,
Жарасымсыз жаман сөз неге айтайық.
Алла жар.
Бәрімізді жаратқан Жаппар Құдай, ай.
Құдайды айтпай алдымен, нені айтайық.
Алла жар.

Бола берсін Алла жар,
Шырқа, сәулем, әнге сал.

Тойда өлең айтамыз бісмілләлап, ай,
Жараспайды отырған бекер қарап.
Алла жар.
Топтан озған өлеңмен тұлпар болсаң, ай,
Қосылайын тұсыңнан қабырғалап.
Алла жар.

Бола берсін Алла жар,
Шырқа, сәулем, әнге сал.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Алла жар өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Алла жар казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Алла жар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]