Өлең: Ақтолғай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Ақтолғай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Бозбалада тағат жоқ қыз дегенде,
Таптырмайды қыз деген іздегенде.
Ақтолғай.
Біздің көңіл қашаннан өзіңде ғой,
Сіздің жүрек не дейді-ау біз дегенде.
Ақтолғай.

Барайын десем жер шалғай,
Бармайын десем болмайды-ай.
Адасамын, айнам-ау,
Ойларыма ормандай.

Өтті-кетті бір дәурен шегіншектеп,
Түн кешуге біз қалдық еріншектеп.
Ақтолғай.
Ерке едің еліктей, көркем едің,
Қалыпсың ғой бір үйге келіншек боп.
Ақтолғай.

Барайын десем жер шалғай,
Бармайын десем болмайды-ай.
Адасамын, айнам-ау,
Ойларыма ормандай.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Ақтолғай өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Актолгай казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Ақтолғай

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]