Өлең: Ақсұңқар /2-нұсқа/ (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Ақсұңқар /2-нұсқа/ (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жебесі шын күмістен садағымның,
Әдеті осылай ма еді базарлымның.
Несіне сөйлер сөзден іркілейін,
Тұсына кез келгенсін ажарлымның.

Ақсұңқар, неге қонбайсың,
Дариға-ау, жайған торға.

Қарағым, айналайын, қандай едің,
Құрбының өзін теңдес маңдайы едің.
Өзіңмен күліп-ойнап жүрген шақта,
Қол жеткен мұрадыма жандай едім.

Ақсұңқар, неге қонбайсың,
Дариға-ау, жайған торға.

Қарағым, айналайын, қасың керік,
Мал болсаң алар едім бәсін беріп.
Мен саған басы байлы бол демеймін,
Жүрсеңші азғантай күн қасыма еріп.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Ақсұңқар /2-нұсқа/ өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Аксункар /2-нуска/ казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Ақсұңқар /2-нұсқа/

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]