Өлең: Ақсұңқар /1-нұсқа/ (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Ақсұңқар /1-нұсқа/ (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жебесі шын күмістен садағымның,
Әдеті осылай ма еді базарлымның.
Несіне сөйлер сөзден іркілейін,
Тұсына кез келгенсін ажарлымның.

Ақсұңқар, неге қонбайсың,
Дариға-ау, жайған торға.

Қарағым, айналайын, қасың керік,
Мал болсаң алар едім бәсің беріп.
Мен саған басыбайлы бол демеймін,
Жүрсеңші азғантай күн қасыма еріп.

Ақсұңқар, неге қонбайсың,
Дариға-ау, жайған торға.

Құдаша, құрамын тор жолыңызға,
Ақ құс боп қонар болсаң қолымызға.
Ақ құстың бәрі бірдей бола бермес,
Қонбасын құладын құс сорымызға.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Ақсұңқар /1-нұсқа/ өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Аксункар /1-нуска/ казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Ақсұңқар /1-нұсқа/

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]