Өлең: Ақбаян (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Ақбаян (Қазақ ауыз әдебиеті)

Енді есен бол, Баянның қалған елі,
Сен де есен бол, Арқаның қоңыр желі-ай.

Ақбаян,
Ақ жүрегім көпке аян.

Қаз қаңқылдап жататын, қу сұңқылдап,
Құмық меруерт ақ қайран шалқар көлі-ай.

Ақбаян,
Ақ жүрегім көпке аян.

Баян көлі айнадай мөлдір бұлақ,
Жататұғын сарқырап, ағын құлап-ай.

Ақбаян,
Ақ жүрегім көпке аян.

Көк иісті майсаны жарып құлап,
Қызығына тоймайсың, жатсаң сұлап-ай.

Ақбаян,
Ақ жүрегім көпке аян.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Ақбаян өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Акбаян казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Ақбаян

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]