Өлең: Ақбаян (Қазақ ауыз әдебиеті)
![Өлең: Ақбаян (Қазақ ауыз әдебиеті)](https://www.zharar.com/uploads/posts/2020-02/1580901495_nenne.png)
Енді есен бол, Баянның қалған елі,
Сен де есен бол, Арқаның қоңыр желі-ай.
Ақбаян,
Ақ жүрегім көпке аян.
Қаз қаңқылдап жататын, қу сұңқылдап,
Құмық меруерт ақ қайран шалқар көлі-ай.
Ақбаян,
Ақ жүрегім көпке аян.
Баян көлі айнадай мөлдір бұлақ,
Жататұғын сарқырап, ағын құлап-ай.
Ақбаян,
Ақ жүрегім көпке аян.
Көк иісті майсаны жарып құлап,
Қызығына тоймайсың, жатсаң сұлап-ай.
Ақбаян,
Ақ жүрегім көпке аян.
Сен де есен бол, Арқаның қоңыр желі-ай.
Ақбаян,
Ақ жүрегім көпке аян.
Қаз қаңқылдап жататын, қу сұңқылдап,
Құмық меруерт ақ қайран шалқар көлі-ай.
Ақбаян,
Ақ жүрегім көпке аян.
Баян көлі айнадай мөлдір бұлақ,
Жататұғын сарқырап, ағын құлап-ай.
Ақбаян,
Ақ жүрегім көпке аян.
Көк иісті майсаны жарып құлап,
Қызығына тоймайсың, жатсаң сұлап-ай.
Ақбаян,
Ақ жүрегім көпке аян.
![](https://www.zharar.com/image/download.webp)
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: