Өлең: Ақ шоқы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Ақ шоқы, бауырың жазық, басың биік,
Сен сонда мекендеген
Әй гигөй ерке киік ри-яй-ай.
Көрінген көз ұшында сағымдайсың,
Жете алмай арманыма,
Әй гигөй тарттым күйік ри-яй-ау.
Ақ тамағың үлбіреп,
Шытыра көйлек желбіреп
Күлімдейсің, қарайсың,
Қара көзің мөлдіреп.
Сен сонда мекендеген
Әй гигөй ерке киік ри-яй-ай.
Көрінген көз ұшында сағымдайсың,
Жете алмай арманыма,
Әй гигөй тарттым күйік ри-яй-ау.
Ақ тамағың үлбіреп,
Шытыра көйлек желбіреп
Күлімдейсің, қарайсың,
Қара көзің мөлдіреп.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: