Өлең: Ақ саусақ, қыпша бел /1-нұсқа/ (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Ақ саусақ, қыпша бел /1-нұсқа/ (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қолыңдағы сақина қалайы ма,
Жаман жүрмес жақсының маңайына.

Ақ саусақ, қыпша бел,
Солқылдар соқса жел.

Сөзіңе сөз орнымен келгеніңде,
Сөйлеместен өзіңе қалайын ба?

Ақ саусақ, қыпша бел,
Солқылдар соқса жел.

Тобылғының түбінде ін бар ма екен,
Сүйген жардың мойнында мін бар ма екен?

Ақ саусақ, қыпша бел,
Солқылдар соқса жел.

Сағыныштан мен бүгін әнге салдым,
Ақ сәулені көретін күн бар ма екен?

Ақ саусақ, қыпша бел,
Солқылдар соқса жел.

Әуел айлап тағы да әуел айлап,
Аттырмайды ақ бөкен одағайлап.

Ақ саусақ, қыпша бел,
Солқылдар соқса жел.

Мына жерде бас қостық осы бүгін,
Бес-алты ауыз өлең айт күліп, ойнап.

Ақ саусақ, қыпша бел,
Солқылдар соқса жел.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Ақ саусақ қыпша бел /1-нұсқа/ өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Ак саусак кыпша бел /1-нуска/ казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Ақ саусақ қыпша бел /1-нұсқа/

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]