Өлең: Ақ кербез (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Ақ кербез (Қазақ ауыз әдебиеті)

Мінген атым астымда бұқпа қара,
Ақ бетіңе шаң тисе ыққа қара.
Деңгейінен аулыңның ән салайын,
Танымасаң даусымды шық та қара.

Бетегелі белден боз,
Уағдалы еді айтқан сөз,
Айрылысар күн туды,
Қош-есен бол, айдай,
Ақ кербез, Ақ кербез.

Айналайын, қарағым, қиылған қас,
Сені ойласам көзіме келеді жас.
Өзіңе арнап хат жазып жіберейін,
Сағынғанда оқы да бауырыңа бас.

Бетегелі белден боз,
Уағдалы еді айтқан сөз,
Айрылысар күн туды,
Қош-есен бол, айдай,
Ақ кербез, Ақ кербез.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Ақ кербез өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Ак кербез казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Ақ кербез

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]