Өлең: Ақ жайқын көл (Қазақ ауыз әдебиеті)
![Өлең: Ақ жайқын көл (Қазақ ауыз әдебиеті)](https://www.zharar.com/uploads/posts/2020-02/1580901495_nenne.png)
Су ағады арықтан шыр айналып-ей,
Өлмегенге мал бітер бір айналып-ей.
Ақ жайқын көл,
Жайлайды-ау, біздің ел.
Оралыңның барында ойна да күл-ей,
Кім бар, кім жоқ көргенше жыл айналып-ей.
Ақ жайқын көл,
Жайлайды-ау, біздің ел.
Аулым көшіп барады сарымсаққа-ей,
Қой айдаттым базарға алымсаққа-ей.
Ақ жайқын көл,
Жайлайды-ау, біздің ел.
Аулың алыс кеткенде, ей қалқатай-ей,
Шықпайды екен шыбын жан сағынсақ та-ей.
Ақ жайқын көл,
Жайлайды-ау, біздің ел.
Өлмегенге мал бітер бір айналып-ей.
Ақ жайқын көл,
Жайлайды-ау, біздің ел.
Оралыңның барында ойна да күл-ей,
Кім бар, кім жоқ көргенше жыл айналып-ей.
Ақ жайқын көл,
Жайлайды-ау, біздің ел.
Аулым көшіп барады сарымсаққа-ей,
Қой айдаттым базарға алымсаққа-ей.
Ақ жайқын көл,
Жайлайды-ау, біздің ел.
Аулың алыс кеткенде, ей қалқатай-ей,
Шықпайды екен шыбын жан сағынсақ та-ей.
Ақ жайқын көл,
Жайлайды-ау, біздің ел.
![](https://www.zharar.com/image/download.webp)
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: