Өлең: Ақ бидай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Ақ бидай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жоғарыдан келеді бір топ тана, ақ бидай,
Бір топ тана су ішер ұрттап қана.

Игаужан, жан жан-ай,
Дәурен екі келмейді-ай.

Көп ішінде сағымды сындырмадың, ақ бидай,
Төсегіңде, бір топ бала.

Игаужан, жан жан-ай,
Дәурен екі келмейді-ай.

Сырлы қасық жанымау, сырлы қасық, ақ бидай,
Сылқымдықпен сындырдым сабын басып.

Игаужан, жан жан-ай,
Дәурен екі келмейді-ай.

Күнде мұндай кезіміз келе бермес, ақ бидай,
Бес-алты ауыз өлең айт көңіл ашып.

Игаужан, жан жан-ай,
Дәурен екі келмейді-ай.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Ақ бидай өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Ак бидай казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Ақ бидай

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]