Өлең: Ақ айша (Қазақ ауыз әдебиеті)
Айналайын, қарағым, асыл айым,
Мінезімді несіне жасырайын.
Расыңмен көңіліңді берсең маған,
Бала қаздай жем беріп асырайын.
Мінген атым торы ала-ай,
Жалтарады қояндай.
Татулықтың белгісі
Қозы Көрпеш – Баяндай.
Аяңда, сәулем, аяңда-ай,
Аяңдашы аянбай.
Сен қалайсың, қарағым, мен дегенде,
Ұшар қанат менде жоқ сен дегенде.
Тигізетін құрбыңа пайдаң бар ма,
Күндіз-түні сені ойлап шөлдегенде.
Мінген атым торы ала-ай,
Жалтарады қояндай.
Татулықтың белгісі
Қозы Көрпеш – Баяндай.
Аяңда, сәулем, аяңда-ай,
Аяңдашы аянбай.
Мінезімді несіне жасырайын.
Расыңмен көңіліңді берсең маған,
Бала қаздай жем беріп асырайын.
Мінген атым торы ала-ай,
Жалтарады қояндай.
Татулықтың белгісі
Қозы Көрпеш – Баяндай.
Аяңда, сәулем, аяңда-ай,
Аяңдашы аянбай.
Сен қалайсың, қарағым, мен дегенде,
Ұшар қанат менде жоқ сен дегенде.
Тигізетін құрбыңа пайдаң бар ма,
Күндіз-түні сені ойлап шөлдегенде.
Мінген атым торы ала-ай,
Жалтарады қояндай.
Татулықтың белгісі
Қозы Көрпеш – Баяндай.
Аяңда, сәулем, аяңда-ай,
Аяңдашы аянбай.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: