Өлең: Ақ айдар (Қазақ ауыз әдебиеті)
![Өлең: Ақ айдар (Қазақ ауыз әдебиеті)](https://www.zharar.com/uploads/posts/2020-02/1580901495_nenne.png)
Айналайын көзіңнен жалт-жұлт еткен,
Кім бар еді арада саған жеткен.
Дүниеде не маңғаз туса-дағы
Теңгермеймін ізіне басып кеткен.
Ей, Ақ айдар!
Сұлулардың көзі ойнар.
Көкем-ай, көкем-ай!
Қиылған қас екен-ай,
Алқара-көк жаз жайлап,
Шәйі орамал бір байлап,
Санаменен сарғайдым,
Сағындым, сәулем, сені ойлап.
Кім бар еді арада саған жеткен.
Дүниеде не маңғаз туса-дағы
Теңгермеймін ізіне басып кеткен.
Ей, Ақ айдар!
Сұлулардың көзі ойнар.
Көкем-ай, көкем-ай!
Қиылған қас екен-ай,
Алқара-көк жаз жайлап,
Шәйі орамал бір байлап,
Санаменен сарғайдым,
Сағындым, сәулем, сені ойлап.
![](https://www.zharar.com/image/download.webp)
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: