Өлең: Айым-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Айым-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ағынан да алманың көгі жақсы,
Барынан да жаманның жоғы жақсы.

Бірің шекер, бірің бал-ай,
Бірің қайың, бірің тал-ай.
Қайсы бірін айтайын,
Өңшең ғана ақсұңқар-ай.

Бір жұлдыз бар әуеде айдан қалған,
Қайқы мүйіз ақ серке қойдан қалған.

Бірің шекер, бірің бал-ай,
Бірің қайың, бірің тал-ай.
Қайсы бірін айтайын,
Өңшең ғана ақсұңқар-ай.

Осы ауылда кім жаман, құрбым жаман,
Көн етігін кие алмай тойдан қалған.

Бірің шекер, бірің бал-ай,
Бірің қайың, бірің тал-ай.
Қайсы бірін айтайын,
Өңшең ғана ақсұңқар-ай.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Айым-ай өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Айым-ай казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Айым-ай

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]