Өлең: Айша бибі (Қазақ ауыз әдебиеті)
![Өлең: Айша бибі (Қазақ ауыз әдебиеті)](https://www.zharar.com/uploads/posts/2020-02/1580901495_nenne.png)
Қыран бүркіт ұшады қыр айналып,
Түлкі көрсе кетпейді шыр айналып.
Әлу-әй.
Ат секілді жамандық арқандаулы,
Таппай қоймас қазығын бір айналып.
Әлу-әй.
Айша-Бибі елім-ай,
Әулиеата жерім-ай.
Қыдыр келіп, бақ қонсын
Балаларға дедім-ай.
Ит болмайды қасқырды баққанменен,
Ажалсызға оқ тимес атқанменен.
Әлу-әй.
Жалқауға сөз, шабанға қамшы өтпейді,
Жібімес тас өзенде жатқанменен.
Әлу-әй.
Айша-Бибі елім-ай,
Әулиеата жерім-ай.
Қыдыр келіп, бақ қонсын
Балаларға дедім-ай.
Түлкі көрсе кетпейді шыр айналып.
Әлу-әй.
Ат секілді жамандық арқандаулы,
Таппай қоймас қазығын бір айналып.
Әлу-әй.
Айша-Бибі елім-ай,
Әулиеата жерім-ай.
Қыдыр келіп, бақ қонсын
Балаларға дедім-ай.
Ит болмайды қасқырды баққанменен,
Ажалсызға оқ тимес атқанменен.
Әлу-әй.
Жалқауға сөз, шабанға қамшы өтпейді,
Жібімес тас өзенде жатқанменен.
Әлу-әй.
Айша-Бибі елім-ай,
Әулиеата жерім-ай.
Қыдыр келіп, бақ қонсын
Балаларға дедім-ай.
![](https://www.zharar.com/image/download.webp)
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: