Өлең: Әгугәй (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Әгугәй (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ортамызда Төлеген тұрды жорға, ахау,
Сүрінбей ме боз жорға қазған орға, әгугәй. (2 рет)
Қыз Жібекті ойласаң нең кетеді, ахау,
Орамалы тұрады бес жүз жорға, әгугәй. (2 рет)

А-а-ай,
Айың тусын оңыңнан,
Жұлдызың тусын солыңнан.
Хабарсыз кетсең тым ұзақ,
Сансызбай шығар соңыңнан.

Арамызда Төлеген көп жыл өтті, ахау,
Нелер келіп бұл басқа, нелер кетті, әгугәй. (2 рет)
Арада өткен сегіз жыл сергелдеңде, ахау,
Хабар айтып жіберсең нең кетеді-ай, әгугәй. (2 рет)

А-а-ай,
Қыз Жібек енді келгенше,
Иіліп сәлем бергенше.
Даяр етіп қоялық,
Салдырып сарай өзгеше.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Әгугәй өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Агугай казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Әгугәй

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]