Өлең: Айжан-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)
![Өлең: Айжан-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)](https://www.zharar.com/uploads/posts/2020-02/1580901495_nenne.png)
Дарияның арғы жағы, ахау, бергі жағы,
Жағасында жайқалған жапырағы.
Жігіттің еш арманы, ахау, болмас еді,
Күлімдеп алдан шықса сүйген жары.
А-хау… Айжан-ай,
Жас дәурен екі айналып,
Келмес саған-ай.
Дүниеде әркім жүрер, ахау, кең болған соң,
Ойнайды екі құрбы тең болған соң.
Сырымды саған айтпай, ахау, кімге айтамын,
Сүйгенім ғашық жарым сен болған соң.
А-хау… Айжан-ай,
Жас дәурен екі айналып,
Келмес саған-ай.
Жағасында жайқалған жапырағы.
Жігіттің еш арманы, ахау, болмас еді,
Күлімдеп алдан шықса сүйген жары.
А-хау… Айжан-ай,
Жас дәурен екі айналып,
Келмес саған-ай.
Дүниеде әркім жүрер, ахау, кең болған соң,
Ойнайды екі құрбы тең болған соң.
Сырымды саған айтпай, ахау, кімге айтамын,
Сүйгенім ғашық жарым сен болған соң.
А-хау… Айжан-ай,
Жас дәурен екі айналып,
Келмес саған-ай.
![](https://www.zharar.com/image/download.webp)
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: