Өлең: Ай-ай, бозым (бірінші нұсқа) (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Ай-ай, бозым (бірінші нұсқа) (Қазақ ауыз әдебиеті)

Балға табы кетпейді темірдегі,
Сенің бейнең өшпейді көңілдегі.
Қырғауылдың мойнындай мың құбылған,
Қылығыңды қайтейін іңірдегі.

Ай-ай, бозым,
Келе алмадым жер шалғай,
Жалғыз өзім-ау.

Қонақ үйге келмейді от алғалы,
Етіңді ас, көжеңді қотар-дағы.
Мойынындай аққудың мың құбылған,
Қылығыңды қайтейін жатардағы.

Ай-ай, бозым,
Келе алмадым жер шалғай,
Жалғыз өзім-ау.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Ай-ай бозым (бірінші нұсқа) өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Ай-ай бозым (биринши нуска) казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Ай-ай бозым (бірінші нұсқа)

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]