Өлең: Абайкөк (үшінші нұсқа) (Қазақ ауыз әдебиеті)
![Өлең: Абайкөк (үшінші нұсқа) (Қазақ ауыз әдебиеті)](https://www.zharar.com/uploads/posts/2020-02/1580901495_nenne.png)
Қараойда ма аулың, Бозталда ма, Абайкөк,
Қарай-қарай артыңа көз талды ма, Абайкөк.
Әй-ау десем, артыңа қарамайсың, Абайкөк.
Шыныменен көңілің бек қалды ма, Абайкөк.
Есік алды монша сай,
Басына бұлбұл қонсашы-ай.
Күнде жиын, күнде той,
Заман сондай болсашы-ай.
Дәйім менің мінгенім сұрша құнан, Абайкөк.
Қозы ағыттым көгеннің бұршағынан, Абайкөк,
Шынты көңілің, шын пейілің менде болса, Абайкөк,
Жолығайық ауылдың сырт жағында, Абайкөк.

![](https://www.zharar.com/image/download.webp)
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: