Өлең: А, шіркін, жанай-ау (Қазақ ауыз әдебиеті)
![Өлең: А, шіркін, жанай-ау (Қазақ ауыз әдебиеті)](https://www.zharar.com/uploads/posts/2020-02/1580901495_nenne.png)
Ақша қарда жорытқан қояндайсың-ей,
Шөп-шөп сүйсем бетіңнен оянбайсың.
А, шіркін, жанай-ау.
Екі көзің күн нұры жарқыраған-ей,
Қандай жанға өмірлік баяндайсың.
А, шіркін, жанай-ау.
Ары өтейін аулыңнан, бері өтейін-ей,
Ақ алмасын арудың тере өтейін.
А, шіркін, жанай-ау.
Шын пейіл, шын көңілің менде болса-ей,
Алтын қобыз қолға алып әндетейін.
А, шіркін, жанай-ау.
Шөп-шөп сүйсем бетіңнен оянбайсың.
А, шіркін, жанай-ау.
Екі көзің күн нұры жарқыраған-ей,
Қандай жанға өмірлік баяндайсың.
А, шіркін, жанай-ау.
Ары өтейін аулыңнан, бері өтейін-ей,
Ақ алмасын арудың тере өтейін.
А, шіркін, жанай-ау.
Шын пейіл, шын көңілің менде болса-ей,
Алтын қобыз қолға алып әндетейін.
А, шіркін, жанай-ау.
![](https://www.zharar.com/image/download.webp)
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: