Өлең: Замандас (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Замандас (Қазақ ауыз әдебиеті)

Айналайын көзіңнен
Жалт-жұлт еткен,
Жан бар ма екен
Бұл жерде сенен өткен,
Замандас,
Кездескенде есіңе алып амандас.

Үш ауылдың қыздары
Жиналса да,
Теңгермеймін өзіңе
Басы бүтін,
Замандас,
Кездескенде есіңе алып амандас.

Айналайын көзіңнен
Күлімдеген,
Басқан ізің ешкімге
Білінбеген,
Замандас,
Кездескенде есіңе алып амандас.

Ақша балық шомылған
Айдын көлден,
Алтын қармақ салса да
Ілінбеген,
Замандас,
Жолыққанда есіңе алып амандас.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Замандас өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Замандас казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Замандас

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]