Қазақша өлең: Міржақып Дулатұлы (Сұлу қызға)

Қазақша өлең: Міржақып Дулатұлы (Сұлу қызға)

Сұлу қыз, қалың елден сені таптым,
Көрдім де тамашаңа белден баттым.
Майысқан алтын айдар еркесісің.
Оянған ұйқысынан табиғаттың.
Құмардан құр көргенмен шықпайды екен,
Кілті қолға түспей махаббаттың.
Күн шалмас, миуаңды алмас адам бар ма,
Шағынды күзеттім де қарап жаттым.
Бола алмай дидар нәсіп қол созғанмен,
Қызығын көре алмадым рақаттың.
Сыланып тоты құстай қыр көрсетіп
Аққудай биікке ұшып қанат қақтың.
Жалынын басатұғын жалғыз өзің,
Сөнбестей жүрегіме бір от жақтың.
Болмағы мұрат хасыл және өзіңнен,
Өзіне сырттан балап жүрген заттың.
Дей көрме - «кінә өзіңнен, обалың жоқ,
Қайғыға шат көңілді неге саттың?»
Сұлуым, қазы да сен, төрем де сен,
Мұңымды қайта айналып саған шақтым.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қыз туралы өлеңдер, қыз туралы өлең жолдары, қыздар туралы өлең шумақтары, қызға арналған өлең, сұлу қызға арналған өлең, міржақып дулатов Сұлу қызға өлеңі олен стихи миржакып дулатов, міржақып дулатұлы өлеңдері, миржакып дулатов олени, мыржакып дулатов стихи на казахском языке, мыржакып дулатов стихи, на казахском языке мыржакып дулатов стихи на казахском языке, стихи мыржакыпа дулатова на казахском языке, міржақып дулатов өлеңдер жинағы, міржақып дулатовтың өлеңдер жинағы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]