Қазақша өлең: Міржақып Дулатұлы (Тұңғыш құрбан)

Қазақша өлең: Міржақып Дулатұлы (Тұңғыш құрбан)

Мынау кім жатқан, әлеумет,
Жас қабірді жамылып?
Мұнша ардақты кім еді?
Тұрсыңдар бәрің жабығып?
Жалғызы ма еді бұл елдің,
Құрметтейтін жабылып?
Бек пен бидің бірі ме еді,
Жылардай жұрты сағынып?
Ханзада яки сейіт пе?
Қарашы шулар қамығып?
Жоқ, әлеумет,
Бұл жатқан:
Жалғыз да емес,
Бай да емес,
Би де емес,
Бек те емес,
Сейіт те емес,
Хан де емес.
Бусанып жатқан жас қабір...
Иесін мұның айтайын:
Мақсаты ұлттың жолына
Туын ұстап қолына,
Жас ғұмырын пида еткен,
Жар-жолдасын күйзелткен,
Алаштың адал баласы,
Армансыз өлген данасы,
Жүректен жалғыз оқ тиген.
Жаза баспай дөп тиген,
Алаштың бұл құрбаны -
Аяулы жолдас Қази жас,
Қош, бауырым, жолдасым!
Армансыз сенің өз басың.
Қабыл болып құрбаның -
Алашты құдай оңдасын...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
міржақып дулатов Тұңғыш құрбан өлеңі олен стихи миржакып дулатов, міржақып дулатұлы өлеңдері, миржакып дулатов олени, мыржакып дулатов стихи на казахском языке, мыржакып дулатов стихи, на казахском языке мыржакып дулатов стихи на казахском языке, стихи мыржакыпа дулатова на казахском языке, міржақып дулатов өлеңдер жинағы, міржақып дулатовтың өлеңдер жинағы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]