Қазақша өлең: Ілияс Жансүгіров (Жанартау)

Қазақша өлең: Ілияс Жансүгіров (Жанартау)

Зәулім-зәулім заңғар тау
Шығыс-батыс шегінде,
Лапылдақ жалын, іші қау
От ойнақшыл тегіңде.
Қарындай кепкен қампайып,
Борсып, бықсып, булыққан.
Ашылып аузы аңқайып,
Түтектен түтін, бу шыққан.
Ұшқыннан от бұлқынып,
Күрс-күрс, быж-быж оқ...
Жалаңдап жалын жұлқынып,
Айнала түскен қызыл шоқ.
Лаба жалын жандырды
Тас, қоқыр, тікен, сіріні.
Тұншыққан жылан түтінге,
Көзінен ақты іріңі.
Қызыл жалын тазалап,
Куарған қорданы өртеді.
Жас балдырған жаңалап,
Жайқала шықты өртеңі.
Жанардың жанған жалыны,
Жердің жүзін жарық етер.
Жарылқар жалшы-жарлыны,
Жаңа жұрт жасар, қарық етер.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ілияс жансүгіров Жанартау өлеңдер, ілияс жансүгіров өлеңдер жинағы, ілияс жансүгіровтың өлеңдер жинағы, ильяс жансүгіров олендери, ильяс жансугуров стихи на казахском языке, ильяс жансугуров казакша стихи, ильяс жансугуров, казакша стихи ильяс жансугуров казакша стихи скачать

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]