Қазақша өлең: Ілияс Жансүгіров (Көші-қон)

Қазақша өлең: Ілияс Жансүгіров (Көші-қон)

Буалдыр бұлт ыдырап,
Сүңгілі су сылдырап,
Сабылған сабыр кепкенде;.
Бөртіп бұта бүрленіп,
Төлдеп түлік түрленіп,
Көгерші гүл төккенде
Ел қыстаудан көшеді.
Аспанды тандақ таң сөгіп,
Қырға қызыл нұр төгіп,
Түн түнегі кеткенде;
Қойшылары қобырап,
Қой-қозысы маңырап,
Ауыл даң-дұң еткенде
Үй байлауын шешеді.
Тепкішегі қимылдап,
Жеткіншегі жымыңдап,
Тақымға тай жеткенде;
Келіншегі керіліп,
Еріншегі ерініп,
Ренжіп маза кеткенде
Ауыздары айран ішеді.
Үйдің бауы шешіліп,
Көш жөнелді кешігіп,
Кешегі ел көше кеткенде;
Қопарған қуып кұмдарды,
Құлатқан жуып шыңдарды,
Өзені күрілдеткенде
Көш көсіле өтеді.
Шудалы шөп шүйкелей,
Бұлтты айдай, төтелей,
Жібек жел дірілдеткенде;
Желдірте жедел жетелей,
Тараудан тоқсан төтелей,
Ұлы өткелден өткенде:
Жөн осылай деседі.
Бұлттай көш жөңкіліп,
Асауды малшы мөңкітіп,
Дөңесті дүбірлеткенде;
Жамырап жастар қысылмай,
Қылымсып қызы қымтынбай,
Қабағын күлімдеткенде;
Жар жанаспай не етеді!
Сағанағы салдырлап,
Сақалдысы самбырлап,
Көштің күйін шерткенде;
Сары ұзын күн сарылып,
Адасқан ит қаңғырып,
Ұлы жол ұзап кеткенде.
Көш қонаға жетеді.
Жадырап жапан, жаз маздап,
Жарлауыттан қаз-қаздап,
Жамырасып жеткенде;
Күн астында алыстан
Басшы барлап шанышқан,
Көріне көзі жеткенге
Найза қылт-қылт етеді.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ілияс жансүгіров Көші-қон өлеңдер, ілияс жансүгіров өлеңдер жинағы, ілияс жансүгіровтың өлеңдер жинағы, ильяс жансүгіров олендери, ильяс жансугуров стихи на казахском языке, ильяс жансугуров казакша стихи, ильяс жансугуров, казакша стихи ильяс жансугуров казакша стихи скачать

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]