Қазақша өлең: Ілияс Жансүгіров (Сабын)

Қазақша өлең: Ілияс Жансүгіров (Сабын)

Сақарың еді сексеуіл,
Сабыным, сағызша оралшы.
Сабыннан ырым етуші ек,
Оралсаң, ісім оңалшы.
Көйлегім көптен жуылмай,
Кимешек кірлеп кетіп ед.
Бырт-бырт (бидай қуырмай),
Биттің де бейнеті өтіп ед.
Жабағы болды жібек шаш,
Жабылып жаман жабысқақ.
Сыңысып сірке бұрымда,
Қаптап ед қалың қайызғақ.
Сабам сауыс, қасық қақ,
Сатала самсып бөзде тұр.
Орамалым он батпан,
Баланың басы көз қотыр.
Арулансын астауым,
Мұнтаздансын саптыаяқ.
Өңезден күбім арылсын,
Оны біреу айтпай-ақ.
Ауру-ылас, кір-қолаң
Ауыртып еді мазаны ап.
Арылта жуып, сабындап,
Алайын бәрін тазалап.
Базарда сабын көп дейді,
Адыра қалсын, арзан ба?
Аларлық арзан болмаса,
Жазғы жұт тағы мал-жанға.
Сығалама, қарама,
Еркек аулақ! Қыз қашық!
Абысын байғұс қайда жүр,
Алатын болса бұзаушық.
Сақырла қазан, былғауыш,
Сағыздай сабын оралсын.
Сабыннан ырым етуші ек,
Оралсаң, ісім оңалсын.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ілияс жансүгіров Сабын олен-өлеңдер, ілияс жансүгіров өлеңдер жинағы, ілияс жансүгіровтың өлеңдер жинағы, ильяс жансүгіров олендери, ильяс жансугуров стихи на казахском языке, ильяс жансугуров казакша стихи, ильяс жансугуров, казакша стихи ильяс жансугуров казакша стихи скачать

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]