Қазақша өлең: Ілияс Жансүгіров (Әншіге)

Қазақша өлең: Ілияс Жансүгіров (Әншіге)

Өлеңге көңілің құмар, даусың жытар,
Созылтып ән мұржасы созсаң зытар.
Ән сүйгіш, жылы көңіл, сөзге таңсық
Жылпыңдар жылы сөзді неге ұмытар?
Тамырды солқылдатып, ойды қозғап,
Жүректі тебірентіп, ішті жылытар.
Қайғылы, мұңды, өнерлі, шерлі жанға
Ой салар, ойын түртер, жыбыршытар.
Еліртер, екілентер, елжіретер,
Толғантар, толғақ салар, толықсытар;
Аспанға ащы даусың шырқап, қалқып,
Қоңырлап, көмей қайта аңыратар.
Зарлының екі көзін мөлдіретіп,
Болса да елжіретер бейлі шын тар;
Салған ән магниті тұрған көпті
Баладай тербеу жеңген бір тыншытар.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
әнші туралы өлең, әнші туралы өлеңдер, әншілер туралы өлеңдер, ілияс жансүгіров Әншіге өлеңдер, ілияс жансүгіров өлеңдер жинағы, ілияс жансүгіровтың өлеңдер жинағы, ильяс жансүгіров олендери, ильяс жансугуров стихи на казахском языке, ильяс жансугуров казакша стихи, ильяс жансугуров, казакша стихи ильяс жансугуров казакша стихи скачать

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]