Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Жүрек арызы)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Жүрек арызы)

Оу, ием менің,
Өзіңнен бұрын жаралғам.
Алдымен — менмін,
Сонан соң — сенсің жаралған.
Басың мен миың, ақылың, есің, кимылың,
Аяқ пен колың —
Барлығы менен нәр алған.

Балғын шағында, өмірге жаңа аттанған,
Бағыңа бастар адамдық жолға ап барғам.
Кезім де болды қайғырған әрі шаттанған,
Кезің де болды, кайтейін, маған дақ салған.

Келеді сенің кей-кейде мені мұз еткің,
Бәріне көндім,
Қателігіңді түзеттім.
Төсек тартқызып, төнгенде қатер басыңа,
Айнымай соқтым, аялап сені күзеттім.

Жалындым саған жақыны бол деп баршаның,
Жан-ием, сенің жақсылығынды аңсадым,
Өткіздім сені қаншама қауіп-қатерден
Ал енді, маған, демалыс берші, шаршадым!..

...Кақың жоқ сенің дем алуға да соқпауға,
Қарсы барамыз оқтарға, әлі оттарға.
Қакым жоқ менің демалыс саған беруге,
Какың жок сенің қалдырып мені тоқтауға!!!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали мақатаев Жүрек арызы мукагали макатаев олен өлеңі, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]