Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Жүрек арызы)
Оу, ием менің,
Өзіңнен бұрын жаралғам.
Алдымен — менмін,
Сонан соң — сенсің жаралған.
Басың мен миың, ақылың, есің, кимылың,
Аяқ пен колың —
Барлығы менен нәр алған.
Балғын шағында, өмірге жаңа аттанған,
Бағыңа бастар адамдық жолға ап барғам.
Кезім де болды қайғырған әрі шаттанған,
Кезің де болды, кайтейін, маған дақ салған.
Келеді сенің кей-кейде мені мұз еткің,
Бәріне көндім,
Қателігіңді түзеттім.
Төсек тартқызып, төнгенде қатер басыңа,
Айнымай соқтым, аялап сені күзеттім.
Жалындым саған жақыны бол деп баршаның,
Жан-ием, сенің жақсылығынды аңсадым,
Өткіздім сені қаншама қауіп-қатерден
Ал енді, маған, демалыс берші, шаршадым!..
...Кақың жоқ сенің дем алуға да соқпауға,
Қарсы барамыз оқтарға, әлі оттарға.
Қакым жоқ менің демалыс саған беруге,
Какың жок сенің қалдырып мені тоқтауға!!!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Өлең: Мұқағали Мақатаев (Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған)
» Өлең: Мұқағали Мақатаев (Кем болып жаралғам жоқ мен ешкімнен)
» Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Аңғал досым-ай)
» Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Ұнатамын мен сені)
» Өлең: Мұқағали Мақатаев (Қасыңда жүрсем)

Іздеп көріңіз: