Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Таныс әуен)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Таныс әуен)

Сірә, бізге тыныштық жоқ тұрмыста,
Іздеме оны,
Табамын деп тырмыспа.
Тыныштық жоқ,
Тыныштық бар - мәңгілік,
Тындырып бақ, ғұмыр қысқа, күн қысқа.
Тіршілікте тыныштық жоқ тұрмыста.

Демалыс ап, Кавказ, Қырым барғанын -
Бәрі өкініш,
Өзіңді өзің алдауың.
Қалай үзіп, қайда тығып, тыншисың,
Тыным бермес ойларынның жалғауын!?

Тіршілікте анау жүрек, мынау бас
Сая бағып, сірә, тыныш тұра алмас,
Желік көніл,
Жетім ойлар тұрғанда,
Тыншып бейқам сауық-сайран құра алмас.

(Бұл — қағида қайталаған тіл біткен)
Тыныштық жоқ!
Тыныштық жоқ тірлікте!
Тыныштық сол —
Үлкен жердің үстінде
Өткен ғұмыр,
Біткен сөйлем,
Бір нүкте...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұқағали мақатаев Таныс әуен мукагали макатаев олен өлеңі, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]