Қазақша өлең: Сәкен Сейфуллин (Бой жазу)

Қазақша өлең: Сәкен Сейфуллин (Бой жазу)

Күй шіркін кейде
серпіп қылаңдайды,
Кейде пәс, кейде сейдін, сыландайды.
Кейде жай кібіртіктеп, ақсай жылжып,
Кейде ырғып, ақ түлкіше бұландайды.
Сұлуша кейде әсемдеп бұрандайды,
Мәстекше кейде мешел тырандайды.
Кермеге байласаң да жерді тарпып.
Тұлпарша кейде шапшып тұралмайды.
Күй шіркін әуел құлаш салған еді,
Шалықтап өрттей жүйткіп жанған еді.
Дестелеп Көкшетаудың ертегісін.
Тізбектеп біраз жыр ғып алған еді.
Әйткенмен шіркін жүйрік талған еді,
Қарқыннан біраздан соң танған еді.
"Оқ жетпес" ертегісін бітіргенде.
Үзіліп жыр тізбегі қалған еді.
Бас жағы бұл ертектің жазылғалы,
Әңгіме белуардан қазылғалы,
Екі-үш жыл болса-дағы, - кейінгісін
Жазуға қалам алдым қазір ғана...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сәкен saken сакен сейфуллин Бой жазу өлең Бой жазу олен казакша, стихи сакена сейфуллина на казахском языке, олен казакша Қазақша өлең сәкен сейфуллин, казакша олен сакен сейфуллин, скачать стихи сакена сейфуллина на казахском языке, сакен сейфуллин стихи на казахском языке скачать, сәкен сейфуллин өлеңдері скачать, сәкен сейфуллин өлеңдері

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]