Қазақша өлең: Сәкен Сейфуллин (Сәулем)

Қазақша өлең: Сәкен Сейфуллин (Сәулем)

Ауылда мехнаттан кетіп аулақ,
Отырсам жүрегімде жалын қаулап,
Ауырған жаныма кеп демін салып,
Жалғыз-ақ сәулем келді көңілімді аулап.

Алдауыш көп достардан күдер үзіп,
Отырсам төңірекке көзім сүзіп:
Сұлуым, ерке сәулем қасыма кеп
Жанымды жадыратты рух кіргізіп.

Дер едің еріген бал бар мінезі,
Жылы жел ескен жазғы — тәтті сөзі.
Қақ жарып қара түнді нұр жайнаған
Жұлдыздай аспандағы екі көзі.

Екі бет саядағы қызыл шие.
Даусы сызылған күй гармоние.
Кең маңдай, екі қасы иген садақ,
Сөйлессең шығар естен сұм дүние.

Махаббат екі ернінде лебі жанған,
Ұқсайды қабысқан гүл шешек жарған.
Құйылған қара шашы екі иініне,—
Қара бұлт аспандағы жел аударған.

Ақ төсі ақ көбіктей толқындағы,
Аққудың ақ мамығы — ақ тамағы.
Арқада тағы өскен, сұлу сәулем,
Көңілімді жадыратшы келіп тағы!

1916 жыл, 17-желтоқсан,
С. А. аулы.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сәкен saken сакен сейфуллин Сәулем өлең олен казакша, стихи сакена сейфуллина саулем на казахском языке, сәкен сейфуллин өлеңдері, сәкен сейфуллин сәулем өлеңі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]