Қазақша өлең: Сәкен Сейфуллин (Ауыл байғұс мінекей)
Бір азғана жыл өтті
Мен қалада жүргелі.
Елді көріп кетемін
Екі жылда бір келіп.
Ауыл байғұс мінекей,
Бала жастан көз көрген!
Азғана жыл ішінде
Едәуір-ақ өзгерген...
Бастық шалдар азайған
Орын басып жас ие.
Қоңыр ауыл құба
Сәлем берем, бас ием!
Тіршілік те өзгеріп
Қазақстан облысы
Өзгермек қой жұртшылық. .
Кешегі жас балалар
Жігіт бопты мұрт шығып
Көзіме ыстық төтенше төл.
Уыз емген бесігім.
Алтын болсын жаңарып
Киіз жыртық есігің!
Бұрынғыдай жылқы жоқ
Тапал байдың аулында.
Жататұғын шандатып,
"Қос шоқының" баурында.
Мырза менен қажының
Аулының да мәні жоқ.
Бұрынғыдай мыңғырған
Оннан бір де малы жоқ.
Кәріп пенен Әбжекең
Қойлары өсіп байыпты.
Қотандары қомақты,
Қойын бөлек жайыпты.
Біздің ауыл мінекей!
Көз жіберіп қараймын,
Әрбіреуін ауылдың
Іздеп, қарап санаймын.
Баласы өскен хатшы боп,
Молдекеңнің өзі жоқ.
Шал болыпты Әлекең,
Сатайдың бір көзі жоқ.
Хатшы бопты советке,
Молдекеңнің Әлісі...
Кеткені ғой елде әбден
Молдалықтың мәнісі.
Сақалы ақ боп Дәукеңнің
Таусылыпты бар тісі.
Жоғалыпты Әрештің
Мұрнының жартысы.
Ызымханның қатыны
"Жел аурудан" қақсайды.
Етікші шал Қадекең
Бүкір бопты, ақсайды.
Биязы мен Бөлекең
Айрылыпты құлақтан,
Кемпір бопты байғұстар,
Көрмейтін боп жырақтан.
Бүкірейіп белдері
Бопты баяу еріншек,
Биліктерін алыпты
Өңкей семіз келіншек.
Қалада еді оқуда
Биязекең баласы.
Бір қайтып ед менімен
Міне, енді шатанасы.
Жамалекем екеуі
Қуанғаннан жыдайды.
"Бізді ойладындар ма" деп
Бишаралар сұрайды...
Әркімнің-ақ елдегі
Оқу бопты санасы -
Қалаларда оқиды
Талай ауыл баласы.
Жөндеп жатыр Әлиман
Сынық ердің желдігін.
Сатай өңдеп шабады
Ағаш арба белдігін.
Кәдіш қайтып ауылға
Бір ауылдан келеді.
Кер дөнені қойқандап
Бүлік-бүлік етіп желеді.
Міне, ауылда жусайды,
Ауылдың бар сиыры.
Беткейде әне, жайылад
Бар жылқының үйірі.
Құба жон мен қара ойға
Жаюшы ед ел жылқысын.
Ол жерлерге егін сап,
Тіліпті енді қыртысын.
Тезекші анау, - арбасы
Сыңсып жылайд, шиқылдап.
Жеккен қоңыр егізі
Өңкеңдейді қиқылдап.
Қара коңыр өгізге
Ағаш арба жеккені.
Аш етіне кигені
Жыртық шомыт шекпені.
Көп кедейдің әлі де
Қырық жамаулы сырты көң
Қашан қараң өшеді
Бит быжынаған жыртық тон
Ән шырқасып келеді
Бір топ бала өрістен,
Қап арқалап дедектеп,
Бірге тезек теріскен.
Өзгерістің өлеңі, -
Айтқандары шырқасып.
Дауыстары жаңғыртад
Қара өзектің қырқасын.
Кеше Әбжәтті әндеткен
Балалар ғой бәрі де.
Әбжәт қалып, өзгерген
Балалардың әні де...
Сиыр бопты Сатайдың
Шұбар ала тайншасы,
Қатын бопты соқталдай
Нұрекеңнің Айшасы.
Бір-ақ құлаш әлі де
Әтекеңнің көгені.
Әлі де үйі жамаулы
Болмаған-ау дегені.
Оншақты-ақ-ау әлі де
Мал ғып баққан ешкісі.
Кұлаш көген, бес бұршақ -
Келмеген ғой ескісі.
Мен әперген машина
"Сепатырды" кесіп қып,
Сүтін тартып ауылдың,
Май шығарып, несіп қып.
Алған майын Әтекең
Қарынға сап жиыпты.
"Қапаратқа" май сатып,
Шапан алып киіпті.
Сепаратор келген соң,
Майға әркім-ақ бай бопты.
Әрбір үйде-ақ діңкиген
Қарын-қарын май бопты.
Әтекеңнің үйінің
Жанында әні, үймелеп,
Қыз-келіншек күлісед
Ынталасып, кимелеп.
Ортасында ыңылдап
Сепаратор жырлайды.
Көркем күйді әндеткен
Қыз-келіншек тыңдайды.
Бір келіншек тұтқасын
Айналдырып қозғайды.
Сепаратор әдемі
Әндетеді, боздайды.
Мен де құлақ саламын
Сепаратор әніне.
Сүйінемін, қараймын
Ауылдың бұл сәніне.
Мен де ыңылдап жырлаймын
Қарап тұрып сүйініп.
Жыр қосамын балаша
Сепаратор күйіне.
Ауыл байғұс мінекей!
Бала жастан көз көрген.
Азғана жыл ішінде
Едәуір-ақ өзгерген...
Мен қалада жүргелі.
Елді көріп кетемін
Екі жылда бір келіп.
Ауыл байғұс мінекей,
Бала жастан көз көрген!
Азғана жыл ішінде
Едәуір-ақ өзгерген...
Бастық шалдар азайған
Орын басып жас ие.
Қоңыр ауыл құба
Сәлем берем, бас ием!
Тіршілік те өзгеріп
Қазақстан облысы
Өзгермек қой жұртшылық. .
Кешегі жас балалар
Жігіт бопты мұрт шығып
Көзіме ыстық төтенше төл.
Уыз емген бесігім.
Алтын болсын жаңарып
Киіз жыртық есігің!
Бұрынғыдай жылқы жоқ
Тапал байдың аулында.
Жататұғын шандатып,
"Қос шоқының" баурында.
Мырза менен қажының
Аулының да мәні жоқ.
Бұрынғыдай мыңғырған
Оннан бір де малы жоқ.
Кәріп пенен Әбжекең
Қойлары өсіп байыпты.
Қотандары қомақты,
Қойын бөлек жайыпты.
Біздің ауыл мінекей!
Көз жіберіп қараймын,
Әрбіреуін ауылдың
Іздеп, қарап санаймын.
Баласы өскен хатшы боп,
Молдекеңнің өзі жоқ.
Шал болыпты Әлекең,
Сатайдың бір көзі жоқ.
Хатшы бопты советке,
Молдекеңнің Әлісі...
Кеткені ғой елде әбден
Молдалықтың мәнісі.
Сақалы ақ боп Дәукеңнің
Таусылыпты бар тісі.
Жоғалыпты Әрештің
Мұрнының жартысы.
Ызымханның қатыны
"Жел аурудан" қақсайды.
Етікші шал Қадекең
Бүкір бопты, ақсайды.
Биязы мен Бөлекең
Айрылыпты құлақтан,
Кемпір бопты байғұстар,
Көрмейтін боп жырақтан.
Бүкірейіп белдері
Бопты баяу еріншек,
Биліктерін алыпты
Өңкей семіз келіншек.
Қалада еді оқуда
Биязекең баласы.
Бір қайтып ед менімен
Міне, енді шатанасы.
Жамалекем екеуі
Қуанғаннан жыдайды.
"Бізді ойладындар ма" деп
Бишаралар сұрайды...
Әркімнің-ақ елдегі
Оқу бопты санасы -
Қалаларда оқиды
Талай ауыл баласы.
Жөндеп жатыр Әлиман
Сынық ердің желдігін.
Сатай өңдеп шабады
Ағаш арба белдігін.
Кәдіш қайтып ауылға
Бір ауылдан келеді.
Кер дөнені қойқандап
Бүлік-бүлік етіп желеді.
Міне, ауылда жусайды,
Ауылдың бар сиыры.
Беткейде әне, жайылад
Бар жылқының үйірі.
Құба жон мен қара ойға
Жаюшы ед ел жылқысын.
Ол жерлерге егін сап,
Тіліпті енді қыртысын.
Тезекші анау, - арбасы
Сыңсып жылайд, шиқылдап.
Жеккен қоңыр егізі
Өңкеңдейді қиқылдап.
Қара коңыр өгізге
Ағаш арба жеккені.
Аш етіне кигені
Жыртық шомыт шекпені.
Көп кедейдің әлі де
Қырық жамаулы сырты көң
Қашан қараң өшеді
Бит быжынаған жыртық тон
Ән шырқасып келеді
Бір топ бала өрістен,
Қап арқалап дедектеп,
Бірге тезек теріскен.
Өзгерістің өлеңі, -
Айтқандары шырқасып.
Дауыстары жаңғыртад
Қара өзектің қырқасын.
Кеше Әбжәтті әндеткен
Балалар ғой бәрі де.
Әбжәт қалып, өзгерген
Балалардың әні де...
Сиыр бопты Сатайдың
Шұбар ала тайншасы,
Қатын бопты соқталдай
Нұрекеңнің Айшасы.
Бір-ақ құлаш әлі де
Әтекеңнің көгені.
Әлі де үйі жамаулы
Болмаған-ау дегені.
Оншақты-ақ-ау әлі де
Мал ғып баққан ешкісі.
Кұлаш көген, бес бұршақ -
Келмеген ғой ескісі.
Мен әперген машина
"Сепатырды" кесіп қып,
Сүтін тартып ауылдың,
Май шығарып, несіп қып.
Алған майын Әтекең
Қарынға сап жиыпты.
"Қапаратқа" май сатып,
Шапан алып киіпті.
Сепаратор келген соң,
Майға әркім-ақ бай бопты.
Әрбір үйде-ақ діңкиген
Қарын-қарын май бопты.
Әтекеңнің үйінің
Жанында әні, үймелеп,
Қыз-келіншек күлісед
Ынталасып, кимелеп.
Ортасында ыңылдап
Сепаратор жырлайды.
Көркем күйді әндеткен
Қыз-келіншек тыңдайды.
Бір келіншек тұтқасын
Айналдырып қозғайды.
Сепаратор әдемі
Әндетеді, боздайды.
Мен де құлақ саламын
Сепаратор әніне.
Сүйінемін, қараймын
Ауылдың бұл сәніне.
Мен де ыңылдап жырлаймын
Қарап тұрып сүйініп.
Жыр қосамын балаша
Сепаратор күйіне.
Ауыл байғұс мінекей!
Бала жастан көз көрген.
Азғана жыл ішінде
Едәуір-ақ өзгерген...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: