Қазақша өлең: Сәкен Сейфуллин (Тергеген болсаң айтайын)

Қазақша өлең: Сәкен Сейфуллин (Тергеген болсаң айтайын)

Маржандай тізген жырымды
Айтайын болсаң, тергеген:
Домбырадай күйленіп,
Ән тасып көкірек кернеген.
Махаббат толып жалындай,
Лүпілдеп жүрек тербеген.
Шаттанып күйлер қауласып,
Қосылған әрбір пернеден.
Дүниеге жайып құшақты,
Күштерім құлаш сермеген.
Шаттанған тасып өлеңді,
Айтпауға ерік бермеген.
Кейде толып көкірекке
Кектер толып кернеген.
Жігер қайнап зұлматқа,
Дүниеден шындық көрмеген.
Көз жасын көріп сорлының,
Екпінді қызу өленді
Көкірегім жылап еңіреген
Айтпауға ерік бермеген.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сәкен сейфуллин Тергеген болсаң айтайын өлең, стихи сакена сейфуллина на казахском языке, олен казакша Қазақша өлең сәкен сейфуллин, казакша олен сакен сейфуллин, скачать стихи сакена сейфуллина на казахском языке, сакен сейфуллин стихи на казахском языке скачать, сәкен сейфуллин өлеңдері скачать, сәкен сейфуллин өлеңдері

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]