Өлең: Арман Сәбитбекұлы (ІҢКӘР СЕЗІМ)
Жанымды жалын сезім жандырғасын,
Іңкәрлік өзегімді талдырғасын,
Ғашықтық әнін жаздым өзің жайлы,
Көркіңе көз тоймайтын талдырмашым.
Бақыты бал махаббат сағыну ма,
Суретін сөзбен салып табыну ма?!
Жүректің жан тербеген бесігінде,
Сағымы сағыныштың ағылуда.
Бойына жинағандай бар асылды,
Қылығы бір өзіне жарасымды.
Сүйкімді күлкісімен сыңғырлаған,
Әсемдік әлемінің бағы ашылды.
Жайнатып жібергендей ай маңайды,
Жанары жас арудың аймалайды.
Еріксіз емірентіп ерке сұлу,
Ерекше нәр бергенін ойламайды.
Іңкәрлік өзегімді талдырғасын,
Ғашықтық әнін жаздым өзің жайлы,
Көркіңе көз тоймайтын талдырмашым.
Бақыты бал махаббат сағыну ма,
Суретін сөзбен салып табыну ма?!
Жүректің жан тербеген бесігінде,
Сағымы сағыныштың ағылуда.
Бойына жинағандай бар асылды,
Қылығы бір өзіне жарасымды.
Сүйкімді күлкісімен сыңғырлаған,
Әсемдік әлемінің бағы ашылды.
Жайнатып жібергендей ай маңайды,
Жанары жас арудың аймалайды.
Еріксіз емірентіп ерке сұлу,
Ерекше нәр бергенін ойламайды.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Өлең: Әліпов Айтбек Рымбекұлы (Сүймесең де түсінуді қалашы)
» Өлең: Әліпов Айтбек Рымбекұлы (Ғашықтық сезім)
» Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Ғашықтық жайын қозғама)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Бір сезім жанарыңда елжіреген)
» Қазақша өлең: Қажытай Серікжан (Жасыру қиын...)

Іздеп көріңіз: