Өлең: Ерболат Сапаралы (Үйленемін)
Көңілім көлдей күнде мұң
Не болар екен білмедім.
Арманым болып кетпесе екен
Үйленемдеп жүргенім!
Танысып бағып қызбенен
Сөйлесіп көріп жүздеген
Ұнамай көпке қалсам
Үміттің отын үзбеп ем!
Адалын жардың іздеп ем
Сызылып маған сіз деген
Сөзіне сынып жүргенде
Қоштасып қалдым күзбенен
Қысымда келді жуықтап
Жанымды менің суытпақ
Мезгілі мейлі тоңдырсын
Жаурасам өлең жылытпақ
Кеш түссе көше әр апта
Қарамай мүлде сағатқа
Таң ата үйге келерміз
Сылқия тойып шарапқа
Бала емеспін мен бойдақпын
Ессіздікті мүлде қоймақпын
Сабырға келем кей күні
Қамын бір ойлап тойжақтың.
Не болар екен білмедім.
Арманым болып кетпесе екен
Үйленемдеп жүргенім!
Танысып бағып қызбенен
Сөйлесіп көріп жүздеген
Ұнамай көпке қалсам
Үміттің отын үзбеп ем!
Адалын жардың іздеп ем
Сызылып маған сіз деген
Сөзіне сынып жүргенде
Қоштасып қалдым күзбенен
Қысымда келді жуықтап
Жанымды менің суытпақ
Мезгілі мейлі тоңдырсын
Жаурасам өлең жылытпақ
Кеш түссе көше әр апта
Қарамай мүлде сағатқа
Таң ата үйге келерміз
Сылқия тойып шарапқа
Бала емеспін мен бойдақпын
Ессіздікті мүлде қоймақпын
Сабырға келем кей күні
Қамын бір ойлап тойжақтың.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Ерболат Қарақойшиев (Алатаудай едің бұрын арманым...)
» Қазақша өлең: Әмірхан Балқыбек (Шын ғашықтарда болмайды екен ес мүлде)
» Қазақша өлең: Тынышбай Рақым (Мен кей қызбен "бойдақпын" деп таныстым)
» Өлең: Ғафу Қайырбеков (Ақ үй туралы аңыз)
» Қазақша өлең: Шәмші Қалдаяқов (Арыс жағасында)

Іздеп көріңіз: