Өлең: Ерболат Сапаралы (Үйленемін)

Өлең: Ерболат Сапаралы (Үйленемін)

Көңілім көлдей күнде мұң
Не болар екен білмедім.
Арманым болып кетпесе екен
Үйленемдеп жүргенім!

Танысып бағып қызбенен
Сөйлесіп көріп жүздеген
Ұнамай көпке қалсам
Үміттің отын үзбеп ем!

Адалын жардың іздеп ем
Сызылып маған сіз деген
Сөзіне сынып жүргенде
Қоштасып қалдым күзбенен

Өлең: Ерболат Сапаралы (Үйленемін)


Қысымда келді жуықтап
Жанымды менің суытпақ
Мезгілі мейлі тоңдырсын
Жаурасам өлең жылытпақ

Кеш түссе көше әр апта
Қарамай мүлде сағатқа
Таң ата үйге келерміз
Сылқия тойып шарапқа

Бала емеспін мен бойдақпын
Ессіздікті мүлде қоймақпын
Сабырға келем кей күні
Қамын бір ойлап тойжақтың.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Ерболат Сапаралы Үйленемін өлең стихи на казахском текст казакша олен, Ерболат Сапаралы өлеңдері, Ерболат Сапаралы текст стихи на казахском, Ерболат Сапаралы текст песни олендери казакша, Үйленемін, уйлену, Үйлену туралы өлең олен

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]