Өлең: Елік Бердімұрат (Қайран дәурен, Арайлы таңым азаттық, Таяу)

Өлең: Елік Бердімұрат (Қайран дәурен, Арайлы таңым азаттық, Таяу)

Елік Бердімұрат 1998 жылы туған. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Журналистика» мамандығының студенті. Павлодар облыстық « ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» олимпиядасының жүлдегері. Көркемсөз оқу шебері.

Қайран дәурен

Қайран дәурен сайран дәурен,
Басымыздан өтті ғой әурелеңмен.
Қызық еді-ау,сол дәурен бұлбұл дәурен,
Жай отындай жарқылдап,жүрген дәурен.
Сау тамтығы қалмады-ау,сол дәуренің
Елесі елестейді әлде ненің?
Кеттің бе алыс қыратқа,
Мені тастап,жыраққа.
Ұмытпа дәурен,сол дәурен,
Қызыққылған әурелең.
Уақыт-жылда,мен-жылға,
Уақыт өтеді жылғада.
Жылдамда,жылдам жылдарда,
Ұмытпа мені жыла ма,
Жылға ақпай қалған жылдарда.

Арайлы таңым азаттық

Тағзым жасап,өткенге кеткенге де,
Басымды ием өмірден өткендерге.
Мың тағзым жасағым келет менің,
Мына күнге біздерді жеткізгенге.
Өткен дәуір өзектерді өртеді,
Жалмап талай жауыздықтың дерттері.
Өткен күндер өмір емес,өрт еді,
Айналаны қызыл шоқпен өртеді.
Өткен күнің аяншты түсі бар.
Келген күннің қаһарлы бір ізі бар.
Жанарына жас боп қатқан көз жастай,
Замананың қайғысы мен мұңы бар.
Азап күннен таң атты азат күнге,
Еткен еңбек,төккен жас,қан мен терде.
Тілегі қазағымның қабыл болып,
Азаттықтың ақ таңы келді бізге.

Таяу

Таяп,таяп, келе жатыр табандап,
Кейде асығыс,кейде ақырын аяңдап.
Сыбырлайды таудан соққан самал жел,
Буырқанған күйдей жанды мазалап.

Күй ойнаса ,күңіренген күздейсің,
Рухани дүниені іздейсің.
Жан түршігіп, жан-жағыңнан қашқанда,
Таяу қалған ,таяп қалған не екенін білгейсің?

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Елік бердімұрат, Елік бердімұрат өлеңдері, елик бердимурат олендери казакша, стихи на казахском елик бердимурат, Қайран дәурен өлең олен стих, Арайлы таңым азаттық өлең олен стих, таяу өлең олен стих

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]