Өлең: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Анамның ақ сүтіндей қасиетің)

Өлең: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Анамның ақ сүтіндей қасиетің)

Тамаша тілім барда айнала маң,
Жан бар ма асыл сөзден жайнамаған?
Анамның ақ сүтінен жаралғандай,
Өзіңнен артық тілді қайдан алам!

Анашым ақ бесікті тербеткенде,
Әлдилеп мол мейірімен әндеткенде.
Жаныма шәрбат болып енген тілім,
Табынам әз қасиет бар деп сенде.

Сәбидің бесігінен басталатын,
Әз тілім, неткен таза, асқақ атың?!
Ардақтап ана тілдің мөлдір үнін,
Жыр жазып, ән айтайық аспандатып.

Шетқақпай шерменде боп тілім енді,
Тағдырың жүрегімді тілімдеді.
Дүбәра, тіл білмейтін туысқаным.
Ұялтып жүрсің әбден бүгін мені.

Ағайын, бұл – базына өтінішім,
Жаутаңкөз ана тілдің өкініші.
Басында мәртебе бар өз тіліңді
Аялап қатарға қос, үлкен-кіші!

Анамның ақ сүтіндей қасиетің,
Сол үшін жөніміз бар бас иетін.
Өзіңсің. Сенің ғана құдіретің,
Болашақ қазақтарды өсіретін.

Автор: Ақмаржан Таубаева
28.06.1990 жылы
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ЖайықҰстазы газеті, Ақмаржан Таубаева, ана туралыөлеңдер, ана мама туралы өлеңдер, ана туралы өлеңдер жинағы, ана туралы өлең жолдары, анашым олен, анашым олен ана өлең, 8 наурыз өлеңдер, 8 наурызға өлеңдер, 8 наурыз өлең жолдары, 8 наурыз өлеңдері, ана туралы өлең жолдары, ана туралы өлең сөздері, стихи на казахском языке про маму, стихи на казахском языке 8 марта, стихотворения на казахском языке на 8 марта, стихи маме на 8 марта на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]