Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Тез барам)

Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Тез барам)

Қыранымын сары сайран даланың,
Қос қанатым — алтын Алтай, Оралым.
Еркін дала ардақтысы, еркесі —
Бетім қайтпай өскен батыр баламын.
Асқан алып — ата затым сұрасаң,
Асқан дана — ана затым сұрасаң.
Шашып жалын жас жолбарыс ұмтылса,
Қорқақ құлдар, қалай қарсы тұрасың?!
Тұлпар мініп, туды қолға алайын,
Суырып қылыш, қан майданға барайын.
Жердің жүзі кім екенім танысын,
Жас бөрідей біраз ойын салайын.
Тірілтейін алып атам аруағын,
Тазартайын Сарыаркамның топырағын.
Жан-жағына тегіс билік жүргізіп,
Кемеліне келсін кейінгі ұрпағым.
Дұғада бол, алтын Алтай - қарт анам,
Алып ата, қуды жолың ер балаң.
Ақ шашыңды, көкірегіңді иіскеуге,
Тәңірі жазса, сәулетпенен тез барам.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мағжан жұмабаев тез барам олен, мағжан жұмабаев өлеңдері, магжан жумабаев олендери на казахском языке, магжан жумабаев стихи, магжан жумабаев стихи на казахском языке, магжан жумабаев олендери, стихи магжан жумабаев на казахском языке, мағжан жұмабаев Қазақша өлең, казакша олен магжан жумабаев, мағжан жұмабаев казакша олен, мағжан жұмабаев Тез барам өлең олен магжан жумабаев стихи на казахском, мағжан жұмабаев өлең олен стих

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]