Қазақша өлең: Әйел мен раушан гүлі
Мейлі, оған еркектердің жыны келсін –
Мен бір теңеу айтайын – ұлы дерсің.
Сұлулыққа айнымас сыңар қонған,
Әйелдерді раушан гүлі дерсің.
Раушан гүл, шіркін-ай, исі қандай?!
Ән шығармай, мүмкін бе, күй шығармай?!
Егер әйел болмаса тамсандырар,
Қалатұғын секілді Күн шыға алмай…
Теңесуге дәрменсіз гүлің талай,
Раушан ол – су, ауа – мұңым қалай?
Егер әйел болмаса Жұлдыздар да,
Қалатұғын секілді жымыңдамай.
Гүл жайында тентек сөз айтылмайды,
Тентек сөзбен уылжып ой тұнбайды.
Егер әйел болмаса түн аруы –
Аспанда да албырап Ай тумайды.
Еткен талай осылай гүліңді арман,
Жақсы дәстүр бабадан бұрын қалған.
Әйел, әйел, сезімді қытықтаған,
Раушан ғой исі мұрын жарған.
Екеуіне ұмтылар таласып нұр,
Бәрі-бәрі тамаша – жарасып тұр.
Исі де ұқсас, алқызыл түсі де ұқсас,
Раушан мен әйелдің бағы асып тұр.
Тағы да бір ұқсастық алабөтен,
Бұл қай тұстан, білмеймін тарады екен?
Гүлі солып біткен соң раушанның,
Тек тікені сыйдиып қалады екен…
Мен бір теңеу айтайын – ұлы дерсің.
Сұлулыққа айнымас сыңар қонған,
Әйелдерді раушан гүлі дерсің.
Раушан гүл, шіркін-ай, исі қандай?!
Ән шығармай, мүмкін бе, күй шығармай?!
Егер әйел болмаса тамсандырар,
Қалатұғын секілді Күн шыға алмай…
Теңесуге дәрменсіз гүлің талай,
Раушан ол – су, ауа – мұңым қалай?
Егер әйел болмаса Жұлдыздар да,
Қалатұғын секілді жымыңдамай.
Гүл жайында тентек сөз айтылмайды,
Тентек сөзбен уылжып ой тұнбайды.
Егер әйел болмаса түн аруы –
Аспанда да албырап Ай тумайды.
Еткен талай осылай гүліңді арман,
Жақсы дәстүр бабадан бұрын қалған.
Әйел, әйел, сезімді қытықтаған,
Раушан ғой исі мұрын жарған.
Екеуіне ұмтылар таласып нұр,
Бәрі-бәрі тамаша – жарасып тұр.
Исі де ұқсас, алқызыл түсі де ұқсас,
Раушан мен әйелдің бағы асып тұр.
Тағы да бір ұқсастық алабөтен,
Бұл қай тұстан, білмеймін тарады екен?
Гүлі солып біткен соң раушанның,
Тек тікені сыйдиып қалады екен…
Толымбек Әлімбекұлы
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: