Қазақша өлең: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (Қызыл гүл жасарсайшы солып жатқан)

Қазақша өлең: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (Қызыл гүл жасарсайшы солып жатқан)

Әр нәрсе шағымызда болып жатқан.
Жақсылық ойлаңыздар, біздің халық,
Тастаңыз жамандықты толып жатқан,
Құрметті ел билеген хакімдер де
Жыландай зәрін төгіп, сорып жатқан.
Бас салып зарлы, мұңлы, кем-кетікті
Бүркіттей тырнағымен бүріп жатқан.
Әркімді арбауына түсірем деп,
Түлкіше сол құйрығын бұлаңдатқан.
Жүзіме көрінгендер көз салар деп,
Өн бойын тоты құстай сылаңдатқан.
Жатырмыз біз қараңғы ұзақ күнде,
Көрінбей жарық сәуле бір таң атқан.
Желкелер старшының бейшараны,
Таба алмай кедей ақша, жапа тартқан.
Ұлыққа кімнің сөзі жете берер,
Осындай жұмыстар бар толып жатқан.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Қызыл гүл жасарсайшы солып жатқан, мәшһүр жүсіп көпеев Қызыл гүл жасарсайшы солып жатқан өлеңі, мәшһүр жүсіп көпеев өлеңдері, мәшһүр жүсіп көпеев өлеңі, мәшһүр жүсіп көпейұлы өлеңдері, машхур жусуп копеев казакша, машхур жусуп копеев стихи, машхур жусуп копеев стихи на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]