Қазақша өлең: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (Хал-ахуал)

Қазақша өлең: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (Хал-ахуал)

Жігіттер, жақсы қайда өнер шашқан,
Жүдеген ғаріптердің көңілін ашқан,
Анау озық, мен кейін қалам ба деп,
Көз салып бірін бірі шамаласқан?
Сүрініп ат аяғы кетер болса,
Дұшпан түгіл, досың да табаласқан.
Бұл жұртта сұмырай нәрсе толып жатыр,
Өтірік, ұрлық, өсек араласқан.
Өңшең сәурік, теке мен бұқашықтар
Бір-бірін сүзіп, жаншып, жараласқан.
Жақсыны өзі болған көре алмаған,
Өрт қойып жан-жағынан қамаласқан.
Ақылшы шықты бізге үй басынан,
Данышпан ойы зерек, жұрттан асқан.
Биге-пара, байларға-өсім болды,
Бой тартқан, арамдықтан бар ма қашқан?
«Сен кімнен қорқасың!» деп жел береді,
Кісі жоқ «қой» дейтұғын, жұртты басқан.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Хал-ахуал, мәшһүр жүсіп көпеев Хал-ахуал өлеңі, мәшһүр жүсіп көпеев өлеңдері, мәшһүр жүсіп көпеев өлеңі, мәшһүр жүсіп көпейұлы өлеңдері, машхур жусуп копеев казакша, машхур жусуп копеев стихи, машхур жусуп копеев стихи на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]