Қазақша өлең: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (Нәпсi аждаһа)

Қазақша өлең: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (Нәпсi аждаһа)

Дүние, ойлай берсем, жалған дейдi,
Әркім дi әлекке тек салған дейдi.
Дүниенi өле-өлгенше қуып-қуып,
Ауызы аңқиып [құр босқа] қалған дейдi.

Хикаят сөз бастайын әуел бастан,
Бұл күнде жүйрiк қайда таптан асқан?!
Сөзім дi құп тыңдайтын ғазиз болса,
Хикаят сөз жазайын бiраз дастан.

Заманды жылдан-жалға қуландырды,
Бойыңды алтын-күміс буландырды.
Келгенде жүз-тоқсанға бiр өлім бар,
Көзiңдi әлi-ақ бiр күн суландырды.

Дүниеден неше-неше өттi-ау жандар,
Құдайдан зар жылайды қорыққандар.
Кеудемде түрлi-түрлi уақиғам бар,
Айтайын, тыңдасаңыз, жарандар!

Өтiптi бiзден бұрын Мұрсалдары,
Дүниеден өтпеймін деп соның бәрi.
Қызығы бiр күнгiдей болмайды екен,
Патшалық, тақта тұрып, құрсаң-дағы!

Арасы – топырақ пен алтын, күміс,
Ағаштың бәрiне де бiтпес жеміс.
Бiреу-бай, бiреу-жарлы, бiреу-кәрiп,
Дүниенi жаратқан жоқ тiптi тегiс.

Алтыннан жер астында кім ге пайда?
Дүниеде ажал келсе, болмас айла,
Болмағың жақсы-жаман Құдiреттен,
Шөп шықпас, су жүрмесе терең сайға!

Бiз-түлкi, ажал бүркiт қоймайтұғын,
Нәпсіміз- бiр аждаһа тоймайтұғын.
Күнәмыз- мықтап тиген ол- бiр киім ,
Нәрсеге одан басқа болмайтұғын!

Тiліміз- өткiр қылыш қойған қайрап,
Жұтады отыз тiсiң, нәпсiң шайнап.
Тамырың алпыс екi-жiп секiлдi
Бекiтiп дүниенi қойған байлап!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Нәпсi аждаһа, мәшһүр жүсіп көпеев Нәпсi аждаһа өлеңі, мәшһүр жүсіп көпеев өлеңдері, мәшһүр жүсіп көпеев өлеңі, мәшһүр жүсіп көпейұлы өлеңдері, машхур жусуп копеев казакша, машхур жусуп копеев стихи, машхур жусуп копеев стихи на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]