Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Анадан алғаш туғанымда...)
Анадан алғаш туғанымда,
Жыладым неге дабыстап.
Кiндiктi кесiп қиғанында,
Анамнан кеттiм алыстап.
Ақ бұйымға орап алғанында,
Құндаққа қойды таңып сап.
Жып-жылы суға салғанында,
Денемдi әбден арулап.
Емудi қайдан үйрендiм тап,
Емшектен сүттi сорғанда.
«Кiш-кiшке» неге күлдiм ұнап,
Үш айлық бала болғанда.
Бiр түнде жылап дамыл бермей,
Ояттым неге анамды.
Емiзген оны қиын көрмей,
«Алды ғой,– демей,– мазамды».
Ақ сүтке әбден тойғанымда
Аштықты ұмыттым анықтап.
Жылауды мүлде қойғанымда
Ұйқыда күлдiм шалықтап.
Туғанда кейiп жыладым мен,
Сездiм бе өмiр сырларын.
Өмiрдi сүйiп ұнадым мен,
Бiлдiм бе мұндай қыларын.
Аспанда көрiп жұлдыз бен ай:
«Ержетсем,– дедiм,– соны алам».
Ата-ана қалды, аh, дариға-ай,
Күн болды жер мен – ата-анам.
Жылылық, жарық, нұрын берiп,
Сездiрген атам – күн шебер.
Балына қосып уын берiп,
Өсiрген анам – қара жер.
«Мұқтаждық – өмiр жолы бұл» деп,
Мұңайтып ақыл жылатқан.
«Жас өмiр – қызық, оны бiл» деп,
Алдамшы үмiт уатқан.
«Тамақ пен киiм, ат керек» деп,
Өмiрiм кеттi қиындап.
Құмарлық, мақтан қуып ем кеп,
Көбейдi мұқтаж жиындап.
Осыны сезiп жыладым мен,
Анадан алғаш туғанда.
Қызықтап өмiр ұнадым мен,
Сағымды су деп қуғанға.
Жұлдыз бен айды аламын деп,
Аптықтым неге жасымда.
Еркiндiк жолын табамын деп,
Ойлаған екем басында.
Жыладым ба екен әлде сонда,
Азаттық көрмей өлем деп.
«Кiш-кiшке» күлдiм бiлмей онда,
Мазаққа талай көнем деп.
Табылмас анық азат адам,
Жаралыс билер заманды.
Көрсетер мұқтаж, азап саған,
Тартқызар өмiр жазаңды.
Құлданар сенi күштi өкiмет,
Ноқтасыз еркiн ел таппай.
Қорлықта жылап, зарла да өт,
Бостандық болар жер таппай.
Үкiмет өшсе, залымдар көп
Арлыға өмiр сүргiзбес.
Қарулы қасқыр құдайың боп,
Азаттық жолмен жүргiзбес.
Әдiлет, мейiрiм, ар мен нысап,
Аты бар, олар елде жоқ.
Сүйгенiн iстеп, өзiң ұнап,
Сүретiн өмiр сенде жоқ.
Кәрiлiк жетсе аяу бiлмей,
Жас өмiр келмес қайтадан.
Бұзылмай, өлмей, өзгерiлмей,
Қалады дейсiң кiм аман?
Кiндiктi кесiп тастамағы –
Жас өмiр сүйтiп қиылған.
Ақ бұйымға орай бастамағы –
Кебiнiң сондай бұйымнан.
Қуыстап салса құндағына,
Кiретiн көрге ұқсамақ.
Тағдыр жоқ өлмей тұрмағыңа,
Өмiрдi өлiм тұсамақ.
Алдауға күлiп қуанғаның –
Алданып өтпек адам ол.
Ашығып емсе, уанғаның –
Өмiрде көрмек iсiң сол.
Қайтсең де көрiп қайғы, жұмыс,
Қазулы көрiң дап-дайын.
Айласын тап та, таза арақ iш,
Жоғалар сонда бұл уайым.
Таза ақылды айтар таза арақ деп,
Мастық деп айтса – терең ой.
Осыған ұмтыл шын ентелеп,
Қиянат, алдау – бәрiн қой.
Еңбекке шыда ебiн тап та,
Сабырдың түбi – сары алтын.
Өзiмшiл болма, көптi ардақта,
Адамның бәрi – өз халқың.
Нысап пен мейiрiм, әдiлеттi,
Жаныңдай көрiп жан сақта.
Ол жолда өлсек, немiз кеттi,
Мақсұтқа жетпей қалсақ та.
Зұлым боп елдi қырсаң-дағы,
Қожаңыз себеп болмай ма?
Патса боп қанша тұрсаң-дағы,
Бiр күнi ол дәурен солмай ма?!
Жыладым неге дабыстап.
Кiндiктi кесiп қиғанында,
Анамнан кеттiм алыстап.
Ақ бұйымға орап алғанында,
Құндаққа қойды таңып сап.
Жып-жылы суға салғанында,
Денемдi әбден арулап.
Емудi қайдан үйрендiм тап,
Емшектен сүттi сорғанда.
«Кiш-кiшке» неге күлдiм ұнап,
Үш айлық бала болғанда.
Бiр түнде жылап дамыл бермей,
Ояттым неге анамды.
Емiзген оны қиын көрмей,
«Алды ғой,– демей,– мазамды».
Ақ сүтке әбден тойғанымда
Аштықты ұмыттым анықтап.
Жылауды мүлде қойғанымда
Ұйқыда күлдiм шалықтап.
Туғанда кейiп жыладым мен,
Сездiм бе өмiр сырларын.
Өмiрдi сүйiп ұнадым мен,
Бiлдiм бе мұндай қыларын.
Аспанда көрiп жұлдыз бен ай:
«Ержетсем,– дедiм,– соны алам».
Ата-ана қалды, аh, дариға-ай,
Күн болды жер мен – ата-анам.
Жылылық, жарық, нұрын берiп,
Сездiрген атам – күн шебер.
Балына қосып уын берiп,
Өсiрген анам – қара жер.
«Мұқтаждық – өмiр жолы бұл» деп,
Мұңайтып ақыл жылатқан.
«Жас өмiр – қызық, оны бiл» деп,
Алдамшы үмiт уатқан.
«Тамақ пен киiм, ат керек» деп,
Өмiрiм кеттi қиындап.
Құмарлық, мақтан қуып ем кеп,
Көбейдi мұқтаж жиындап.
Осыны сезiп жыладым мен,
Анадан алғаш туғанда.
Қызықтап өмiр ұнадым мен,
Сағымды су деп қуғанға.
Жұлдыз бен айды аламын деп,
Аптықтым неге жасымда.
Еркiндiк жолын табамын деп,
Ойлаған екем басында.
Жыладым ба екен әлде сонда,
Азаттық көрмей өлем деп.
«Кiш-кiшке» күлдiм бiлмей онда,
Мазаққа талай көнем деп.
Табылмас анық азат адам,
Жаралыс билер заманды.
Көрсетер мұқтаж, азап саған,
Тартқызар өмiр жазаңды.
Құлданар сенi күштi өкiмет,
Ноқтасыз еркiн ел таппай.
Қорлықта жылап, зарла да өт,
Бостандық болар жер таппай.
Үкiмет өшсе, залымдар көп
Арлыға өмiр сүргiзбес.
Қарулы қасқыр құдайың боп,
Азаттық жолмен жүргiзбес.
Әдiлет, мейiрiм, ар мен нысап,
Аты бар, олар елде жоқ.
Сүйгенiн iстеп, өзiң ұнап,
Сүретiн өмiр сенде жоқ.
Кәрiлiк жетсе аяу бiлмей,
Жас өмiр келмес қайтадан.
Бұзылмай, өлмей, өзгерiлмей,
Қалады дейсiң кiм аман?
Кiндiктi кесiп тастамағы –
Жас өмiр сүйтiп қиылған.
Ақ бұйымға орай бастамағы –
Кебiнiң сондай бұйымнан.
Қуыстап салса құндағына,
Кiретiн көрге ұқсамақ.
Тағдыр жоқ өлмей тұрмағыңа,
Өмiрдi өлiм тұсамақ.
Алдауға күлiп қуанғаның –
Алданып өтпек адам ол.
Ашығып емсе, уанғаның –
Өмiрде көрмек iсiң сол.
Қайтсең де көрiп қайғы, жұмыс,
Қазулы көрiң дап-дайын.
Айласын тап та, таза арақ iш,
Жоғалар сонда бұл уайым.
Таза ақылды айтар таза арақ деп,
Мастық деп айтса – терең ой.
Осыған ұмтыл шын ентелеп,
Қиянат, алдау – бәрiн қой.
Еңбекке шыда ебiн тап та,
Сабырдың түбi – сары алтын.
Өзiмшiл болма, көптi ардақта,
Адамның бәрi – өз халқың.
Нысап пен мейiрiм, әдiлеттi,
Жаныңдай көрiп жан сақта.
Ол жолда өлсек, немiз кеттi,
Мақсұтқа жетпей қалсақ та.
Зұлым боп елдi қырсаң-дағы,
Қожаңыз себеп болмай ма?
Патса боп қанша тұрсаң-дағы,
Бiр күнi ол дәурен солмай ма?!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Күн – атам анық жер – анам)
» Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қырық жылдан өтіп жасым)
» Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Дүние мен өмір)
» Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ескіден қалған сөз теріп)
» Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қай жолдассың айтшы сен?)
» Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Күн – атам анық жер – анам)
» Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қырық жылдан өтіп жасым)
» Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Дүние мен өмір)
» Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ескіден қалған сөз теріп)
» Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қай жолдассың айтшы сен?)
Іздеп көріңіз: