Өлең: Ілияс Жансүгіров (Заман)

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Заман)

Зар, зар, зар, зар заман,
Зарлатып өткен о заман.
О заман кетсін өзімен,
Күлдірген бізді бұ заман.
Заманымда зырлаймын,
Жыламаймын, жырлаймын.
Ұмтылып өрге басып оң,
Аулым, елім көшкен соң,
Күлмес пе, көңіл өспес пе,
Ауылың болса көші - қон.
Көш жөнекей күлемін,
Күлетін күнің, күл, елім!
Көңілім көл, қабағым,
Айындай ашық талабым.
Талпынса көкке үмітім,
Ұмтылады өрге жаңа ағын.
Ағыннан айқай туады
Көпіре,.көңіл жуады.
Арынды, арналы, өзекті ой,
Тербетер тіл, сыр барда.
Оны сақтау қиын ғой,
Бұл заманда, бұл таңда:
Тетігі терең, тілі орам,
Төгілмеген ой арам.
Жаңадан жаңбыр жаудырар,
Жай отындай жүйрік жан.
Қозғалар, тасыр, быж қайнар,
Қорғасындай ауыр қан.
Сорғалар жауын жеріне,
Толғанар жан еліне.
Жарасам, жұртым, кірпішпін,
Сен үйіне қалаған.
Керегеңе келіссем,
Сағанағың бола алам.
Салдырар көшсе сағанақ,
Жаңғырар жас жұрт жаңалап
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ілияс жансүгіров Заман өлең стихи на казахском илияс жансугиров олен казакша, ілияс жансүгіров өлеңдері, илияс жансугиров олендери, илияс жансугиров стихи на казахском, Заман

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]